Жаңалықтар

Қылқаман шеберін қолдау көрмесі



Жуырда Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағы ғимаратында (Абай даңғылы, 19) белгілі қылқалам шебері, дизайнер, ұстаз Бақытнұр Бүрдесбековтың картиналарын сату көрмесі ашылды. Суретші індет жұқтырып, қазір ауыр жағдайда ИВЛ аппараты астында жатыр. Аталмыш көрме оны қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Бақытнұр Бүрдесбеков – Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесі мен В. Мухина атындағы Ленинград жоғары көркем-өнеркәсіп училищесінің түлегі. Еңбек жолын Қарағандының шығармашылық одақтары мен оқу орындарынан бастады. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дизайн» кафедрасында аға оқытушы болып, елорданың Суретшілер үйінде жұмыс істеді. Бас қаламыздың көркем ғимараттарының безендірілуіне үлкен үлесін қосты. Атап айт­қанда, «Думан» ойын-сауық орталығын, Ақмоладағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды мұражай-кешенін көркемдеуге қатысты.

Оның туындылары Англия, Франция, Италия, Испания, Жапония, БАЭ, Қытай, АҚШ, Кипр, Ресей мемлекеттеріндегі ірі көрмелерге қойылды. Қылқалам шеберінің туындылары қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Сату көрмесін ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағы Бақытнұр Байқанұлының ауыр індеттен жазылып, орталарына тезірек оралуын тілейді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button