Жаңалықтар

ҚЫЛҚАЛАМ ҰШЫНДАҒЫ ҚҰДіРЕТ



Кеше Ұлттық музейде Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің «Қылқалам ұшындағы құдырет» атты көшпелі көрмесі ашылды.

Көрмеге аймақ музейі қорындағы қазақстандық көрнекті қылқалам шеберлерінің 70-ке жуық заманауи өнер туындылары қойылды.

– Қорымызда атыраулық суретшілердің ғана емес, бүкіл Қазақстанға танымал кескіндемешілердің туындылары жинақталған. Осы көрмені өткізудегі мақсатымыз – бейнелеу өнерін насихаттау. Сонымен қатар музейаралық байланыстарды нығайту, – дейді Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы.

Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері Жазира Жеңісқызының айтуынша, Атырау музейіндегі туындылар қазақ бейнелеу өнерінің «алтын қорына» жатады. Бұл қатарда Сабыр Мәмбеев, Жаңатай Шәрденов, Сахи Романов, Шәймерден Сариев, Мұхит Қалимов, Әбдірашит Сыдыханов, т.б. көрнекті қылқалам шеберлерінің картиналарын атап өтуге болады.
Көрмені ұйымдастырушылардың хабарлауынша, экспозицияға әртүрлі шығармашылық сипаттағы және көп қырлы техникада орындалған туындылар қойылды. Түрлі кезеңдегі туындылар Қазақстандағы шығармашылық тұлғалардың даму эволюциясын байқауға мүмкіндік береді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button