Мәдениет
«Қысқы қиялдар» концерті
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/01/35a9202-780x470.jpg)
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның кіші залында «Қысқы қиялдар» атты симфониялық музыка концерті өтті. Бұл – өткен жылдың соңында өнер ұжымына берілген кіші залда өткен алғашқы кеш.
Бағдарламада филармонияның симфониялық оркестрінің орындауында XIX ғасырдың ұлы орыс композиторы Петр Чайковскийдің монументалды туындыларының бірі №1 «Қысқы қиял» симфониясы орындалды. Е. Русановтың валторна мен оркестрге арналған «Мелодия» әні әуеледі. Валторна аспабында жеке орындаушы, оркестрдің бас дирижері – Қалқаман
Дүйсембаев.