Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚЫТАЙ КИНОСЫН КӨРІҢІЗ



КЕШЕ АСТАНАДА ҚЫТАЙ КИНОСЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ.
Айтулы фестиваль алдағы сенбі күні жұмысын бастайтын ЭКСПО аясындағы елеулі шаралардың бірі болып отыр. Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланысты нығайтуды көздеген фестивальдің ашылу салтанатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев сөз сөйлеп, көрермен қауымды екі елдің ынтымағына дәнекер болатын өнер мерекесінің ашылуымен құттықтады.
Фестивальдің құрметті қонағы болып келген аспан асты елінің атақты актері Джеки Чан «Қазмедиа» кинозалына кіріп келгенде қалың көрермен орындарынан тұрып құрмет білдірді. Талантымен әлемді тамсандырған, «Оскар» сыйлығының иегері өз кезегінде көрерменге ыстық ілтипатын білдірді.
Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына келген көрермен алдында Джеки Чан мен қазақ өнерінің жұлдыздары Димаш Құдайберген, Майра Мұхамедқызы, Нұрғали Нүсіпжанов ән шырқады. Концерттен кейін басты рөлді Джеки Чан сомдаған «Кунг-фу Йога» фильмі көрсетілді.
Сондай-ақ кинофестиваль аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Гүлім», «Шынайы махаббат», «Қасқыр тотемі» атты фильмдерді тамашалайтын болады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ




Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button