Шаһар шежіресі

Сәті түскен сырласу



Бұл суретте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, сатирик-жазушы Табыл ­Құлыяс пен облыстық радионың тілшісі, сол кезде өңірге кеңінен танылған журналист (марқұм) Құрманғазы Шүленовтің Целиноград облыстық мәдениет басқармасының бастығы Борис Маевскийден сұхбат алып тұрған кезі бейнеленген.

Әңгіме Арқа төсіндегі әдебиет пен өнер қайраткерлерінің тыныс-тіршілігі мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы хал-ахуалы жайында өрбіген болса  керек. Қаламгер терең ойға шомып тұр.

Табыл Құлыяс кезінде қазақ радиосының Торғай, Ақмола облыстарындағы меншікті тілшісі бола жүріп, «Жебе» сатиралық журналын шығарды. Ол – «Кесілген бұрым», «Сауда сақал сипағанша», «Қоңыраулы күлкіграмма» сияқты жеті-сегіз кітаптың авторы. Жазушы кейінгі жылдары «Аңыз ізімен», «Қанжоса ғасыр» романдары үшін Балғабек Қыдырбек атындағы сыйлықтың лауреты атанды. Ол – Ойыл ауданының Құрметті азаматы.

Ғазиза Исахан

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button