Мәдениет

Сахнада – сәнді той көйлектері



ERM_5044

«Astana music hall» кешенінде «Сән мен сахна» халықаралық сахна киімдері фестивалі өтті. «Той көйлектері» деп аталған авторлық байқауға талантты жас дизайнерлер қатысты.

Шарада бұған дейін фестивальдің аймақтық кезеңінде жеңіске жеткен Ақтау, Қызылорда, Шымкент және Алматы қалаларынан келген дизайнерлердің топтамалары көрсетілді. Ақтаулық Мәдина Масақованың топтамасы барынша ашық, нәзік түсті көйлектерден тұрады. Шымкенттік Индира Белісбекованың «Гейшаның естеліктері» топтамасында еркін ой, тәуелсіз көзқарас сезілетіндей. Ал, Салтанат Омарова той көйлектеріне этникалық және заманауи реңк беруге тырысқан екен. Қазылар алқасы қатысушылардың еңбегін бағалағанда олардың өзіндік қолтаңбасына айрықша мән берді.
Байқау қорытындысында бірінші орынды Мәдина Масақова жеңіп алды. Екінші орын Салтанат Омароваға, ал, үшінші орын «Сылқым» сән үйіне («Түймедақ» топтамасы үшін) бұйырды.
Биыл алтыншы рет ұйымдастырылған фестиваль ұлттық киім үлгілерін заманауи сән әлемінде дәріптеуді және отандық сәнгерлердің шығармашылығын насихаттауды көздейді. Бұл шара қазір қазақстандық және шетелдік дизайнерлердің тәжірибе алмасу алаңына айналып, этномәдени диалогтың дамуына ықпал етіп отыр.

Роза ӘРЕН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button