Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕГІ СЫНАҚ – ЖЫЛДАР ЖАРАСЫ



Елордада «НАЗ» мемлекеттік би театры Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №3 көпшілік кітапханасымен бірлесіп, Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына орай «Семейдегі қасіретті жылдар» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өткізді.

Тарихи-танымдық кеш барысында Семей полигоны тұрғысында тың ақпараттар айтылып, «Семейдегі сынақ – жылдар жарасы» деген атаумен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ашаршылық пен қуғын-сүргін жайында сыр шертетін фотосуреттер мен кітаптар, жәдігерлер де қойылған. Шара соңында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті Айдос Басықара «Семей қасіреті» атты арнау өлеңін оқыды. Іс-шараға театр қызметкерлері қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

«Бүгінгі іс-шараның көрер­менге берер тағылымы зор. Өйткені Семей полигонының шындығы мен салдары, себебі мен қазіргі жағдайы сөз болып отыр. Семей полигонының жабылғанына бүгінде 30 жыл толуы, Елбасымыздың көрегенділігі, халық қамы үшін жасалған керемет шешімі болды. 40 жылдың ішінде Семей даласында 456 ядролық жарылыс жүргізілді. Полигонның жерімізге, халқымызға тигізген зияны орасан зор. 1991 жылы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен полигон жабылды. Тарихи сәт семейліктер мен жалпы қазақстандықтарға ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңызды оқиғаға айналды» деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Наз» мелекеттік би театры директорының орынбасары Дәмет Серікбаева.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button