Жаңалықтар

ШАҒЫН ҚАЛАДАН АЛЫП МЕГАПОЛИСКЕ АЙНАЛДЫ



Тамыз айының екінші жексенбісінде елімізде құрылысшылар күні аталып өтілді. Осы мерекеге орай елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысшылар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Елордамыз шағын қаладан заманауи мегаполиске айналды! 20 жыл ішінде Нұр-Сұлтанның аумағы 3 есе артты, ал қала тұрғындары 300 мыңнан 1 миллион 200 мың адамға дейін өсті. Тиісінше, тұрғын үйлерге, жолдарға, мектептерге, ауруханаларға және өзге де әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік артуда. Құрылысшылар қаланы дамыту жоспарын іске асыруға атсалысады! Олардың күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында қала өсіп, дамып келеді. Құрылысшылар елордада жайлылықты қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде» деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Сөз соңында қала басшысы құрылысшыларды құттықтап, ыстық лебізін де арнады. «Құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мереке – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын! Ерен еңбектеріңізге алғыс білдіремін! Елордада жайлы өмір сүру Сіздердің жұмыстарыңызбен тікелей байланысты. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және әрбір игі бастамаларыңызға табыс тілеймін!» деп түйіндеді құттықтау сөзін А. Көлгінов.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button