ӘлеуметЖаңалықтар

ШАЛЫС БАСҚАНДАРҒА ШЫНАЙЫ ҚАМҚОРЛЫҚ



d65fee0a258ef98c190a2660b88

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен «Бейімдеу технологиялары мен тұжырымдамалары» қоғамдық қоры «Жеке ісін ашу үлгісіндегі шеберлік және кәсіпкерлік бастаманы қолдау» тақырыбында фестиваль өткізді.

Аталған қоғамдық қор сегіз жылдан бері істі болып, жазасын өтеп шыққан адамдарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіп келеді. Ал, жақында жоба аясында 345 адам (барлығы да бұрын сотталғандар) қамқорлыққа алынды. Олардың 25-іне құқықтық, 300-іне психологиялық, 60-на әлеуметтік көмектер көрсетілді. Бұдан басқа, 12 адам жұмыспен қамтылды, үшеуі Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында арнайы курстан өтті, 7 адам құжатпен қамтамасыз етілсе, 56 адамға киім-кешектер берілді.

«Бейімдеу технологиялары мен тұжырым­да­малары» қоғамдық қорының заңгері Г.Омарованың айтуынша, Астана қалалық Ішкі саясат басқар­ма­сының қолдауымен ұйым мемлекеттік органдармен, пенитенциарлық жүйе өкілдерімен, көші-қон полициясымен, медициналық-әлеуметтік оңалту орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Мәліметтерге сәйкес, үш жылда «түрмеден шыққан азаматтарға құқықтық, психологиялық жәрдем беру қызметін ұйымдастыру» жобасына 2200 адам қатысыпты. Сонымен қатар, 22-72-01 сенім телефоны жұмыс істейді.

Жұма ҚАЗИЕВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button