Жаңалықтар

Шекара шегенделмесе, тәуелсіздік түгенделмейді



Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанда, ел іргесін бекітіп, ел еңсесін көтеруге қатысты мәселелер аз болған жоқ. Соның бірі жас мемлекеттің шекарасын халықаралық заңды нормаларға сәйкес, халықаралық-құқықтық деңгейде рәсімдеу еді. Оның үстіне, көрші елдер арасында тәуелсіздігін ала салып, шекара мәселесіне байланысты бір-біріне қару сілтеген елдер де болды. Кең-байтақ Қазақстанның жеріне көз сұғын қадағандар да табылды. Мың жерден тәуелсіз ел болсаң да шекараң шегенделіп, елдің ірге сызығы өзге мемлекеттер тарапынан түгел мойындалмаса, ондай тәуелсіздікте береке болмайтыны белгілі. Стокгольмнің бейбітшілік мәселелерін зерттеу институты бүгінгі таңда әлемдегі шекаралардың 25 пайызы толық анықталмағандықтан, еларалық қақтығыстардың 15 па­йызы шекаралық мәселелердің шешілмеуімен байланысты екенін анықтаған. Міне, осыдан-ақ шекараны нақтылап, заңдық тұрғыда бекітіп алудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.

Бүгінде еліміздің мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 13500 километрге созылып жатыр. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларымен, шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның баянды болашағы, міне, осы елдермен болған шекараны заңды түрде шегендеуде екенін жете түсінген Елбасы Н.Назарбаев «Біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтаудан маңызды міндет жоқ» деп, ең алдымен, көршілес мемлекеттермен арақатынасты, яғни шекаралық мәселелерді шешуге кірісті.

Ал демаркация мәселесіне келсек, Қытаймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі 1996 жылы шілдеден бастап 2001 жылы желтоқсанға дейін жалғас­ты. Оның соңы 2002 жылғы 10 мамырда Бейжің қаласында Қазақстанның сол кездегі Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер министрі Тан Цзясюаньның екі ел шекарасының сызығын демаркациялау туралы хаттамаға қол қоюымен аяқталды. Нәтижесінде ұзындығы 1783 шақырым болатын мемлекеттік шекараға 688 шекара белгісі орнатылды

Мемлекеттік шекараны анықтау шаралары 1992 жылдан басталып, 2005 жылға дейін үш бағыт бо­йынша жүргізілді. Соның ішінде алғашқысы да, қиыны да Қытай Халық Республикасымен жасалған келіссөз болды. Қытаймен шекара КСРО кезінде де өз шешімін таппаған болатын. Оның үстіне, шекараны қандай негізде белгілеу деген мәселеге келгенде Қытай тарапы «Жоңғарлар – Қытайға тәуелді болған ел. Сондықтан жоңғарлардың барған жерлері Қытайдың аумағы болады» деген талапты айтып, «бұдан бұрынғы келісімдерде Ресей өзінің әскери қуатына сүйеніп, бізге зорлықпен қол қойдырды» деген пікірді көбірек көлденең тартатын. Әрине, бір миллиардтан астам халқы бар алып ел Қытаймен енді ғана тәуелсіздік алған, ондаған миллион халқы бар Қазақстанды салыстыруға келмейтін. Алайда Елбасының үлкен көрегендік танытып, осы бір күрмеуі көп күрделі мәселені оңтайлы шешуі сол кез үшін де, бүгін үшін де, Қазақ елінің болашағы үшін де аса жоғары бағаланатын ерен еңбек екеніне талас жоқ.

Сол жылдары Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанда, екі елдің шекара мәселесі жөнінде келісімге келуі мүмкін емес деген пікірлер де айтылған болатын. Алайда Қазақ елінің шекара сызығын Қытай елінің мойындап, шекара туралы шартқа қол қойғаны әлемдік қауымдас­тықты қатты қайран қалдырды. Өйткені Қазақстан Республикасы Қытаймен шекаралас жатқан 15 мемлекеттің ішінде Қытай үкіметінің келісімімен шекара шегінің 100 пайызын белгілеп, аражігін ашып алған бірден-бір мемлекет болды.
Ал демаркация мәселесіне келсек, Қытаймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі 1996 жылы шілдеден бастап 2001 жылы желтоқсанға дейін жалғасты. Оның соңы 2002 жылғы 10 мамырда Бейжің қаласында Қазақстанның сол кездегі Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер министрі Тан Цзясюаньның екі ел шекарасының сызығын демаркациялау туралы хаттамаға қол қоюымен аяқталды. Нәтижесінде ұзындығы 1783 шақырым болатын мемлекеттік шекараға 688 шекара белгісі орнатылды.

Біткен іске сыншы көп. ­Назарбаевтың бұл еңбегін бүкіл әлем мойындап, Елбасымыздың ерлігіне әлем бәрекелді айтып жатқанда, Қазақстанда «Назарбаев Қытайға жер беріп қойды» деп кері толғағандар да болды. Алайда бұл ойланбай айтылған жосықсыз пікір еді. Шын мәнінде, бұл келісімнен Қазақстан ұтылған жоқ, керісінше, ұтты. Қытайда туып-өскен азамат ретінде айтсам, қытай ұлтшылдары аталған келісімге бүгінге дейін разы емес. Егер Цзян Цзэминь келісімге келмегенде, бүгінге дейін Қазақстанның көп жерін Қытайға қосып алатын едік деп армандайтын қытайлар да бар. Халқы миллиардтан асатын, әскери күші де бізден қуатты, атом қаруы бар Үндістанмен де жерге таласып, жөні келсе соғысуға даяр отырған Қытай бір күні жер мәселесін сылтау етіп, Қазақстанға әскер шығарса, мұның соңын мөлшерлеу өте қиын еді. Осы тұрғыдан алғанда, Қытай мен Қазақстан арасындағы шекараның үйлесімді шешілуі Қазақстанның, Қазақстан халқының үлкен жеңісі деп айтуға әбден болады.
Кеңес Одағы кезінде одақтас республикалардың арасындағы шекара ішкі әкімшілік-аумақтық шекара ретінде белгіленіп, тек карталарда ғана көрсетілетін. Шекара бойында ешбір бөлу сызығы болмаған. Сонымен Орта Азиядағы елдер арасындағы шекара сызығын белгілеуде 1991 жылдың 21 желтоқсанда ТМД құрылғанын жария еткен Алматы декларациясына қол қойылған күнге дейінгі әкімшілік шекара негізге алынды. Себебі осы құжатта бұрынғы одақтас республикалардың сол сәтке дейінгі қалыптасқан әкімшілік шекаралары мемлекеттік шекара болып қалатынын ТМД-ға мүше барлық мемлекеттер мойындаған еді. 1999 жылдың қыркүйек айында Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде бұл мәселелер толығымен реттеліп, шешімін тапты. Айқындалған шекара ұзындығы Қырғызстанмен – 1242, Түрікменстанмен – 426, ал Өзбекстанмен 2351 шақырымды құрады.

1999 жылдың қыркүйек айында Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде бұл мәселелер толығымен реттеліп, шешімін тапты. Айқындалған шекара ұзындығы Қырғыз­станмен – 1242, Түрікменстанмен – 426, ал Өзбекстанмен 2351 шақырымды құрады

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемдегі ең ұзын шекаралардың бірі. Оның жалпы ұзындығы – 7591 шақырым. Шекара бойын делимитациялау Каспий теңізінің жағасынан басталып, Еділ өзенінің шығысы бойын жағалай, Сарыарқа мен Сібір жазығының ортасын көктей өтіп, Алтай тауының ең биік жоталарына жете аяқталады. Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара туралы екі ел арасындағы алғашқы хаттама 1998 жылы ресімделді. Екі ел Президенттері 2005 жылдың қаңтарында «Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы» келісімге қол қойды.

Қорыта айтқанда, шекараның шегенделіп, ірге сызықтың халықаралық деңгейде мойындалуы – ел тәуелсіздігінің үлкен кепілі. Әсіресе, Қазақстан сынды кең-байтақ территориясы бар елдің төңірегіндегі елдермен тіл табысып, мемлекеттік шекарасын айқындап алуы – тәуелсіздіктен кейінгі үлкен жетістік. Бізбен бірге тәуелсіздік алған Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің айырылмаған шекара үшін араздасып, қантөгіске дейін барғанын көргенде, іргемізді бекемдеп, шекараны шегендеп алғанымызға «тәубе» дегеннен басқа айтар сөзіміз жоқ.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button