Жаңалықтар

Шекараға қамал салады



Польша билігі Беларусьпен шекарасына биіктігі 2,5 метр қамал тұрғызу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы дүйсенбіде Польшаның Қорғаныс министрі Мариуш Блащак хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, шекарашыларға көмекке баратын әскери қызметкерлер де көбейеді.

Мұны Беларусь жақтан келетін мигранттарға байланысты Варшаваның реакциясы деуге болады. Екі ел шекарасында Ирактан, Таяу Шығыс пен Азияның өзге де елдерінен келіп, Беларусь арқылы Польшаға өтуді көздейтін, Еуропа Одағынан пана сұрағысы келетіндердің көбейгені байқалған. Варшава мен оның Еуроодақтағы серіктестері Александр Лукашенко режимін сынайтын көршілеріне проблема туғызу үшін Беларусь билігі заңсыз миграцияға әдейі дем беріп отыр деп санайды. Польша шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, 2020 жылы шекарада 122 заңсыз мигрант, ал 2021 жылдың басынан бері 800-ге жуық заңсыз мигрант ұсталған. Литвада мұнан да көп. Польша мен Беларусь шекарасының ұзындығы 400 км-ге жуық.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button