ӘлеуметЖаңалықтар

Шекті жас мөлшерін көтеруді сұрады



2309-n1-3-asli

Күйіп тұрған тақырыптың бірі – баспана. Елі­мізде өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағ­дар­ламасы жүзеге асырылуда. Алайда, баспана алуға үмітті отбасыларға жасы бойынша белгілі бір талаптар қойылады. 

Депутат Дархан Калетаев осындай үміткерлер үшін жас бойынша белгіленген шекті деңгейді жоғарылатуды ұсынды. Парламент Сенатының жалпы отырысында халықпен кездесу барысында алдынан осындай мәселелер көтерілетінін жеткізді. Айтуынша, бағдарлама аясында ерлі-зайыптылардың баласы болуы,  некеде үш жылдан кем болмауы және олардың жасы 35-ке жетпеу қажет. Ал, «жас отбасы» санатында ерлі-зайыптылардың жасы 29-дан аспауы маңызды. «Жоғарыда аталған бір санаттағы жас бойынша белгіленген шекті 35-тен 39 жасқа дейін, ал «жас отбасы» санатында 29-дан 35-ке дейін жоғарылату мәселесін қарас­тыруды сұраймын» деді ол.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button