Қала мен Сала

Шеткі аймақтар проблемасы шешіліп жатыр



Астанада 1 120 мыңдай халық өмір сүреді. Олардың 280 мыңы, яғни 25 пайы­зы шеткі аймақтарда тұрып жатыр. Осыған орай 2019-2021 жылдарға арналған тұрғын үй алаптарын дамыту бағдарламасы жасалды.Шеткі аймақтарды дамыту бағдарламасы жасалғанда онда, ең алдымен жол және инженерлік инфрақұрылымның жоқтығы, әлеуметтік және әкімшілік нысандардың тапшылығы, сондай-ақ аталған өңірлерді абаттандыру мәселесі ескерілді. Қазіргі күні елорданың 16 тұрғын үй алаптарында жалпы ұзындығы 25 шақырымнан асатын 39 көше жолдары жөнделіп, жаңадан салынды. Пригородный елді мекенінде жаңадан 800 орындық мектеп пен «Аспан» спорт кешені бой көтерді. Өндіріс, Ильинка және Көктал-2 тұрғын алаптарында спорттық ойын алаңдары, амбулаториялық орталық ашылды.
Көктал-2 елді мекенінде ағымдағы жылдың басында ашылған медициналық орталықтың бас дәрігері Гүлнәр Молдағалиеваның айтуынша, мекеме алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті жабдықтардың бәрімен жабдықталған. Аумақтағы 11 учаскеге 8 дәрігер маманы қарайды. Орталық аумақтағы 17 мыңнан астам тұрғындар мен сондағы 2 колледждің оқушылары мен оқытушыларына қызмет көрсетеді.
– Біз бұған дейін басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, №5 емханаға сабылатынбыз. Аудан аумағы үлкен болғандықтан емхана бізден біраз қашықта орналасқан, әрі кісінің көптігінен кезек күтуге тура келетін. Осы орталық ашылғалы жақсы болды, үйіміздің іргесінде, әрі керек мамандардың бәрі бар. Енді алыстағы емханаға барып жүрудің, кезек күтудің машақатынан құтылдық, – дейді Гүлдерай есімді көпбалалы ана.
Бас дәрігердің айтуынша, алдағы жылы орталыққа стоматологиялық қондырғы орнатылады екен. Яғни келер жылдан бастап Көктал-2 алабының тұрғындары осы жерден тістерін де емдете алатын болды.

Тұрғын үй алаптарын дамыту:

Проблемалар:

жол және инженерлік
инфрақұрылымның жоқтығы

әлеуметтік және әкімшілік
нысандардың тапшылығы

аймақтарды абаттандыру
мәселесі

Шешімі:

аймақтарда 39 көше салынды және жөнделді

Пригородный т/а 800 орындық мектеп және «Аспан» спорт кешені салынды

Өндіріс, Ильинка және Көктал-2 т/а спорттық ойын алаңдары, амбулатория­лық орталық ашылды

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button