Жаңалықтар

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – ӘР ТАМШЫДА



IMG_7905

Жуырда «ОкеанАРТ» арт-терапия шығармашылық орталығы ашық алаңда Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қызықты акция ұйымдастырды. Шараға Степногорск балалар үйінің бүлдіршіндері мен қаланың өзге де кішкентай тұрғындары қатысып, мәз-мейрам болды.

Қолдарында бояу құйылған шелектері бар балақайлар тапсырмаға бірден кірісті. Алдымен құрғақ асфальтқа суды төгіп жіберіп, кейін оны бояумен барынша өрнектеді. Бірі аспанның, гүлдің, аң-құстардың суретін салса, енді біреулері жазу жазып жатты. Тіпті, қылқаламын тастап жіберіп, бар бояуды бірден төгіп, қолымен композиция жасағандар да болды. Кәсіби емес, бірақ ерекше… Қас-қағым сәтте қара жер түрлі-түсті кілемге айналып шыға келді.
«Аталған акция «Шығармашылық – әр тамшыда» деген атаумен 2008 жылдан бері дәстүрлі түр­де өтіп келеді. Мақсатымыз – бүлдір­шін­дердің көңілін көтеру және олардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру» дейді ұйымдастырушылар.

Күнайым СӘКЕН




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button