Мәдениет

Сочиде бас жүлде алды



24-28 тамыз аралығында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің әртісі Алтыншаш Мұқатаева Сочи қаласында (Ресей) өткен халықаралық «Icon Music Fest» фестиваліне қатысты. Әлемнің түкпір-түкпірінен 100 әртіс қатысқан ән фестивалін 25 мың тыңдарман тамашалады. Фестиваль қорытындысында астаналық әнші Гран-приді, яғни бас жүлдені иеленді.

[smartslider3 slider=3867]

 

Жеңіспен оралған Алтыншаш Мұқатаева қала әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хатымен марапатталды. Хатты оған қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Санат Шапашов тапсырды.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген Алтыншаш бала кезінен өнерге құштар болды. Мектептегі байқауларға қатысып, үздік дипломдарға ие болған. Мәнерлеп оқу, ән айту сынды байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп, республикалық байқауларға жолдама алды. 2009 жылы өзі армандаған еліміздің бас қаласына отбасымен бірге қоныс аударды.

«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты байқауда «Ең үздік орындаушы» аталымы бойынша 1-орынға ие болып, республикалық байқауға жолдама алады. Республикалық байқауға дайындалу мақсатында Қарақат Әбілдинаның «Қарақат» мектеп-студиясына түсіп, 4 жыл вокалдан білім алды. 2015 жылы елорда әкімдігі ұйымдастырған «Шексіз шығармашылық» атты фестивальға қатысып, жоғарғы дәрежедегі дипломмен марапатталды. 2016 жылы музыкалық білімін шыңдау мақсатында Қазақ ұлттық өнер университетінің дайындық курсына ақылы түрде оқуға түсті.

2018 жылы «Astana Stars», «Mega festival», «World ART» халықаралық байқау-фестивальдарында «Вокал» номинациясы бойынша І орындарға ие болды. «Шексіз шығармашылық» атты республикалық байқауға қатысып, 1-орынды алды. 2018 жылы ақын Рахат Әбдірахмановтың сөзіне жазылған, композитор Тұрсын Шәкірдің «Жүрегімде үміт барда» атты алғашқы әні жарыққа шықты.

Баян АСЫЛБЕКОВА




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button