Ел тынысы

Соңғы бес жылда 610 мың гектар орман жанып кеткен



Еліміздегі 30 млн гектарынан астам орман қорында жылына мыңға жуық өрт шығады. Соңғы 5 жылда 610 мың гектар орман жанып кеткен, деп хабарлайды  astana-akshamy.k ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы бүгін Мәжілістің ҚР орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес туралы отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Руслан Берденов айтты.

Оның айтуынша, салыстырмалы түрде жанған аумақ 10 Сингапурдың немесе 3 Люксембургтің аумағына тең.  Өрттің салдарынан   көз жұмған азаматтар, үй-күйінен айырылған жанұялар, тірідей жанып кеткен қызылкітапты жабайы аң мен өсімдік ресурстары жойылуда. 5 жылда орман  өрті  мемлекетке  30 млрд теңге шығын келтірілген.

«Жіберілген қателіктер аз емес. Алдын ала дайындық қажет! Өрт шыққанда құдық қазудың пайдасы жоқ. Салаға көңіл бөліп нақты өзгерістер мен қатаң қадағалау қажеттілігін былтырғы қайғылы Абай облысындағы 63,5 мың гектар, Қостанайдағы 40 мың гектар орманның өртенуі мен жазықсыз  жанып кеткен 14 адамның тағдыры дәлел.  Жалпы халықтың Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысына алаңдатушылық білдіретінін ескеріңіздер. Алматыдағы жер сілкінісі кезінде сиренаның қосылмағаны, байланыс операторларынан хабарлама келмегені, Сейсмология институты жұмысына көп сұрақ тудырады. Оған қандай кедергілер бар? Бұл мәселені бірлесіп, саланы қажетті деңгейге жеткізуге  жұмыс істеуге шақырамын», деді ол.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button