ЖаңалықтарҚұқық

«Сот кабинеті» сәтті жоба



Әлем елдерінен үйренетін үрдіс көп. Кез келген саладағы тың жаңалықтың тиімді тұстарын енгізу арқылы халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға болады. Сондай игілікті істің бірі – «Сот кабинеті».

ptvpumacvwozqp7gsrk2u22umlginy

«Қайдан келесің? Соттан келе­мін. Соттан емес-ау, оттан келемін…» деген қазақ қаламгерінің шығар­масындағы диалог сол кездегі қо­ғамның ащы шындығы еді. Бүгінгі шындық – басқа. Қазіргі уақытта сол сотқа сабылмай-ақ, бірнеше қызмет түрін үйде немесе жұмыста отырып бітіруге болады. Сонымен, «Сот кабинеті дегеніміз не?, Халыққа қандай пайдасы бар?» деген сауалдарға жауап іздесек.
Айта кетейік, қазіргі уақытта әлемде талап арыздар интернет-ресурстар арқылы берілетін, сот актілері мен сот отырыстарының аудио жазбасы немесе видео-хаттамаларымен танысу мүмкіндігі бар елдер қатары көп емес. Ал, Қазақстанда осыған қатысты тиісті мәліметтердің барлығын ақпараттық базадан алуға болады.
Екі жыл бұрын елімізде «Сот кабинеті» сервисі қолданысқа енді. «Сот кабинеті» – бұл сот орган­дарының онлайн сервистеріне және көрсететін қызметтеріне қол жеткізетін жалғыз терезе. Осы арқылы азамат, оның өкілі немесе қорғаушысы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, үйден, кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы өтініш пен арызды электронды түрде жібере алады, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеп, сот құжатын, сондай-ақ істің бүкіл тарихын қарап, сот актісін басып шығара алады және аталған істің процессуалдық мерзімдерін де қарай алады.
Бүгінде қызметті қолданушылар қатары күн санап артып келеді. Ха­лықтың қызығушылығы ескеріле отырып, аталмыш қызмет түрі одан әрі жетілдіріліп, құрылымын да өзгертті. Жаңадан қызмет түрлері қосылды. Қазіргі уақытта «Сот кабинеті» арқылы талап қою, апелляциялық шағым, сот актiлерiн кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат, сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз, сот бұйрығының күшін жою туралы арыз, талап арызға пікір беру, сот отырысының хаттамасына арыз ескертпе, сот актілерінің көшірме­лерін беруге арыз жолдап, төлем чегін тексере алады.
Бұл жүйе сот процесіне қатысу­шылардың ғана емес, соттың да материалдық шығынын қысқартады, уақытын үнемдейді, ең бастысы, қағазбастылықты жояды.
Сарапшы мамандардың айтуынша, «Сот кабинеті» – электронды сервисі Қазақстанның сот жүйе­сіндегі сәтті жоба. Оның дәлелі, осы уақытқа дейін «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде 1 млн астам арыз қабылданған.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button