Елорда тынысы

Спартакиада жеңімпазы – Астана



VI жазғы спартакиаданың аясында өткен бокс турнирінде Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. 4 жылда бір рет өтетін спартакиада бәсекесінде 13 салмақта 176 спортшы жүлдеге таласты.

 Спартакиада финалында 2 салмақта әлем чемпиондары қолғап түйістірді. Атап айтқанда, 51 келі салмақта Сәкен Бибосынов ( Белград, 2021) пен Санжар Тәшкенбай (Ташкент, 2023), ал 80 келіде Бекзат Нұрдәулетов (Екатеринбург, 2019) пен Нұрбек Оралбай (Ташкент, 2023) өзара мықтыны анықтады.

 

Астана шаршы алаңында 4 боксшы екінші рет қатарынан спартакиада чемпионы атанды. Атап айтқанда, Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы, 51 келі), Талғат Шайкен (Ақмола облысы, 71 келі), Нұрбек Оралбай (Астана қаласы, 80 келі) және Айбек Оралбай (Астана қаласы, 92 келі) топ жарды.

Турнирдің ең егде чемпионы Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы, 35 жас), ал турнирдің ең жас чемпионы Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы, 19 жас) болды.

Турнирдің ең үздік боксшысы болып Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы), ал турнирдің жаңа есімі болып Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы) танылды.

Командалық есепте Астана қаласы (3 алтын, 2 күміс) бірінші орын, Жамбыл облысы (3 алтын) екінші орын, Түркістан облысы (2 алтын, 2 күміс, 1 қола), Ақмола облысы (2 алтын, 1 күміс, 1 қола) төртінші орынға ие болды.

Келесі спартакиада 2027 жылы өтеді.

VI жазғы спартакиаданың ­чемпиондары:

48 келі: Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы);

51 келі: Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы);

54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек ­(Қызылорда облысы);

57 келі: Махмұд Сабырхан (Шымкент қ.);

60 келі: Бейбарыс Жексен (Жамбыл облысы);

63 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы);

67 келі: Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы);

71 келі: Талғат Шайкен (Ақмола облысы);

75 келі: Диас Молжігітов (Жамбыл облысы);

80 келі: Нұрбек Оралбай (Астана қ.);

86 келі: Темірлан Мұқатаев (Астана қ.);

92 келі: Айбек Оралбай (Астана қ.);

+92 келі: Дамир Тойбай (Алматы қ.).

 


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button