Қала мен Сала

Сұранысқа ие мамандықтар



Қазіргі таңда екінің бірі экономика немесе заң мамандығы бойынша білім алып оқуға тырысады. Ал елімізге ауадай қажет техника, физика, химия, тау-­кен ісі, инженер, металлург және құрылысшы тағы басқа салаларға көңіл аз бөлінеді. Осыған орай, астаналық бизнес-палата өкілдері сұранысқа ие мамандықтар бойынша сауалнама ұйымдастырған болатын. Оған қаладағы барлық дерлік кәсіпорындар қатысты.

Кәсіпкерлер палатасы жүргізетін жыл сайынғы сауалнама қорытындысы бойынша Астанада орта кәсіптік білімі бар мамандарға деген сұраныс алдағы үш жылда (13 мың бос орын) жоғары оқу орындарының түлектеріне деген сұраныстан екі еседен астам артты.

Елордадағы 3500 кәсіп­орын 2023-2025 жылдарға 21 797 маман қажет екені туралы мәлімдеді. Сауда, өмір сүру және тамақтану қызметтері, құрылыс, білім беру, өңдеу, денсаулық сақтау, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, мемлекеттік басқару және қорғаныс, өнер, ойын-сауық және демалыс, қаржы және сақтандыру, электр және энергиямен жабдықтау, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі, сумен жабдықтау салаларындағы компаниялар мен мекемелерге жаңа қызметкерлер қажет.

Ең көп сұранысқа ие ма­мандықтардың қатарына сатушы (1391 бос жұмыс орны), маркетолог (885), бухгалтер (791) және бухгалтер-кассир (662) кірді.

Астанада сауда қызметкерлерінің тапшылығы 1 775 адамды, қонақ үй секторы мен қоғамдық тамақтану – 601, құрылыс – 597, білім беру – 577, өңдеу өнеркәсібі 516 адамды құрайды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button