Мәдениет

СЫР САНДЫҒЫ АШЫЛҒАН КҮН



Елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінде 150-ден аса мектеп оқушысы қатысқан «Сәкен оқулары» атты байқау өтті.

15 қазан – дауылпаз ақынның өмірге келген күні. Соған орай көп жылдан бері аталған байқауды өткізу дәстүрге айналған. Биылғы сайыс та өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Шараға белгілі ғалым Серік Неги­мов қатысып, халқымыздың ар­дақты азаматының өмірі мен өнері және қоғамдық қызметі туралы жет­кіншектерге  ұлағатты әңгіме өрбітті. Бәйгеге қатысушы балаларға ақ батасын берді. 15 қазан – дауылпаз ақынның өмірге келген күні. Соған орай көп жылдан бері аталған байқауды өткізу дәстүрге айналған. Биылғы сайыс та өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Шараға белгілі ғалым Серік Неги­мов қатысып, халқымыздың ар­дақты азаматының өмірі мен өнері және қоғамдық қызметі туралы жет­кіншектерге  ұлағатты әңгіме өрбітті. Бәйгеге қатысушы балаларға ақ батасын берді. Дауылпаз ақынның мұрасын кеңінен насихаттауды көздеген байқау 4 кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімде, оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыса, екіншісінде, прозалық шығар­маларынан үзінділер келтірді. Үшін­шісінде, талантты тұлғаның әндерін шырқаса, соңғы бөлімде біртуар азаматтың өмірінен сахналық көрініс қойылды. Айтары жоқ, оқушылар байқауға жоғары дайындықпен келген. Бәрі де Сәкен атамыздың шығармаларын жатқа біледі екен. Үш күн бойы ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, ән­дерін келістіріп шырқады. Қай­раткер өмірін толғаған қойы­лымдары да көңілімізден шықты. Көп кешікпей байқаудың да нәтижесі белгілі болды. «Сыр сан­дықты ашып қара» номинациясында дарынды балаларға арналған №9 Зерде мектебінің оқушысы Сұлтан Бейбарыс Мәдиұлы бас жүлдені жеңіп алды.   «Қазақты қазақ дейік» аталымында Әлкей Марғұлан атын­дағы №40 орта мектептің оқу­шысы Айдана Әлімғазинаның бағы жанды. «Арқаның кербез сұлу Көк­шетауы» номинациясында  Сәкен әндерін тамылжыта шырқаған №4 мектеп-гимназиясының оқушысы Асқар Алмасұлы бірінші орынды қанжығасына байлады. «Сәкен аманаты» атты аталымда тағдыр теперішін тартқан азаматтың адами болмысын көз алдымызға келтіріп, көрермен көзіне жас үйірткен №38 мектеп-лицейдің оқушылары жеңімпаз деп танылды.Барлық жүлдегерлер бағалы сый­лықтармен марапатталды. Сонымен бірге үздіктерді дайындаған ұстаздарға да алғыс хат берілді. Арқалы ақын: «Сыр сандықты ашып қара, ашып қара, сырласым…» деп толғап еді. Дәл осы сайыс сыр сан­дықтың ашылған күні болды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button