Жаңалықтар

Тау сатылады



Германияда 400 метрлік Циркельштайн тауы сатуға қойылып, оның бағасы бір жарым евродан 199 мыңға жетті. Тау Дрезден маңындағы Эльба өзенінің жоғарғы ағысында «Саксония Швейцариясы» деп аталатын көркем аймақта орналасқан.

Бұл – аймақтағы ашық ауада серуендеуде және кішігірім тасты төбеде өрмелеу үшін белсенді демалыс таңдайтындар үшін тамаша жер.

Тау жекеменшік иелерінің иелігінде болған, олар жасамыс тартып, орманға қамқорлық жасай алмайтын жағдайы бар. Сол себепті 2006 жылы оны сатуға әрекет жасалды, алғашқы бағасы 1,4 миллион евро болды. Табан астында тау сатып алатындар шыға қоймайды. Енді бағасын біршама түсіріп, 199500 евроға бағамдап тұр. Бұған төбе де, оған іргелес аумақ 8 гектар орманды алқабы кіреді.

Сонымен бірге бұл ұсыныс соншалықты тартымды емес: тау арқылы серуендеу жолдары өтеді және олар көпшілікке қолжетімді болуы керек. Мүлікті қоршауға тыйым салынады. Жалғыз артықшылығы мұнда тек жаңа иесі ғана көлік жүргізе алады. Тау өзінің туристік мүмкіндіктері мен әсем көріністерінен басқа, 1818 жылы Каспар Давид Фридрихтің «Тұман теңізіндегі саяхатшы» картинасында бейнеленген еді. Енді жаңа иесін күтуде.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button