Әлеумет

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТЫНЫСЫМ



Биыл халқымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін 22 рет мерекелейді. 1991 жылы дәл осы күні республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылдады. Осы заң тәуелсіз Қазақстанның конституциялық және құқықтық негізінің іргетасы болды. Біздің ел азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын негізгі мақсат ретінде қойып, азаматтық қоғам қалыптастыру жолында нық қадаммен жүріп келеді.

Тәуелсіз Қазақстанда әділет органдары бұл – халыққа кең ауқымды мемлекеттік қызметті жеткізу бойынша маңызды тапсырмалар жүктелген көпфункционалды механизм.

Аймақтық әділет органдары негізгі фунциялары ретінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, халыққа заңгерлік көмек көрсетіп, заңды тұлғаларды, азаматтардың хал актілерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарын, жергілікті өкілдің және атқарушы органдардың нормативті құқықтық актілерін тіркейді, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген басқа да тапсырмаларды орындайды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару саясатындағы негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында әкімшілік кедергілерді барынша қысқарту және жемқорлық пен кеңсешілдікті жою. Осы бағытта әділет органдары көптеген жұмыстар атқарып, қоғам мемлекеттік қызметтердің халыққа көрсетілетін тәртібі едәуір жеңілдетілгенінің куәгері болып отыр.

Айта кету керек, бүгінде Астана қаласы Әділет департаменті өзінің алдына, қызметінің негізгі бағыттары бойынша әрі қарай тиімділігін арттыруды көздей отыра, заңды және жеке тұлғаларға әділет органдарының жұмысы туралы ақпаратты ашық және қолжетімділігіне басты назар қояды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі тарихи өлшеммен салыстырғанда ұзақ уақыт болмағанымен, бірінші күнінен бастап таңдалған даму бағытымыз дұрыстығын атап өткен жөн. Тәуелсіздік жылдарында мақсатты түрде байсалды экономикалық және саяси реформалар жүргізіп, Орта Азия аймағында көшбасшы ел болдық. Қазақстан өзінің мемлекеттігін құру, ұлттық қауіпсіздігінің негізін қалау және нығайту, елдің территориялық бүтіндігі мен шекараның беріктігін қамдап, экономикамыз еркін нарықтық даму жолына түсті.

Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айта отыра, халықаралық жоғары беделін ерекше атау қажет. Бұл – ішкі жетістіктері нәтижесі­нің, дәйектелген бейбітшіл саясатының және халықаралық ірі бастамалардың көрінісі. Олардың ішінде: ядролық қарудан бас тарту, Астана қаласындағы Азиядағы сенімділік шарасы мен әрекеттестік кеңесінің өтуі, әлем діндері көшбасшыларының құрылтайының өтуі және лаңкестікке қарсы күрес пен бітімгерлік миссияларына қатысу да бар. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ халқы үшін маңызды жетістіктердің бірі – Астана. Жаңа астана халықтың күші мен қуаты талай асуды еңсеретінін көрсетумен қатар, заманауи Қазақстанның мақтанышы мен нышанына айналды.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев­тың нық және сауатты саясатының арқасында елдің сәтті дамуының басым бағыты анықталды. Қазақстан тұрақтылықты сақтап әрі қарай жоғары даму екпініне ие болды. Тәуелсіз жылдарда Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, кең ауқымды демократиялық, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар іске асты. Біздің егемен мемлекетіміздің азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қатысты сәйкесінше заңнамалық актілер қабылдау сәтті жалғасын табуда.

Құқықтық мемлекет құруының жасампаздық үдерісіне, жас мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына әділет органдары белсенді үлес қосуда.

Мемлекеттік мереке барша қазақстандықтар үшін, республикамыздың гүлденуінің нышаны, бірлік, бейбітшілік, келісім және ауызбіршіліктің кепілі болсын.

Қ.МУСИН,

Астана қаласы Әділет департаменті басшысы

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button