Мәдениет

Театр режиссерімен кездесті



М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада белгілі театр режиссері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының бас директоры-көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемировпен кездесу өтті.

[smartslider3 slider=2223]

Шығармашылық жүздесуде Асхат Максимұлы мектеп оқушысы, бозбала шақтағы кезінен бастап, бүгінгі кемеліне жеткен уақыт аралығында болып өткен қызықты оқиғаларын әңгімеледі. Оқырмандар мен кітапханашылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Кітапхана қонағы театрдың жұмысы, атқарып жүрген қызметі туралы танымдық әңгіме айтты. Өзі тәрбиелеген шәкірттері өнерлерін ортаға салды. Нұржас Садырбаев, Мақсат Қабдеш, Аққанат Қуандықов, Ерназар Жаңатілек бірнеше тілде ән салып, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен алынған өлеңдер оқып, монологтардан үзінділер орындады.

Ертең Нұр-Сұлтан қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Невада-Семей» атты кітап көрмесін өткізеді.

 Баян Асылбекова




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button