Мәдениет

ТЕАТРЛАР ТАБЫСЫ



Бір апта бұрын Астанада шымылдығы түрілген көрнекті театр сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әшірбек Сығайдың туғанына 70 жыл толуына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалі аяқталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан театрлар ассоциациясы ұйымдастырған шараға сегіз театр қатысты.

Қазылар алқасының шешімі­мен фестиваль жүлделері төмендегідей бөлінді:
«Үздік спектакль» – Шығыс Қазақстан облысының «Дариға-ай» жастар театры «ІІІ Ричард» қо­йылымы;
«Үздік режиссерлік жұмыс» – Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының «Аққудың көз жасы» лирикалық драмасы (қоюшы режиссері – Талғат Теменов);
«Үздік режиссерлік жұмыс» – «Жас сахна» театры Т.Джюдженоглудың «Көшкін» спектаклі (қоюшы режиссері – Барзу Абдураззаков);
«Өзекті тақырыпты көтергені үшін» – Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театры Р.Отарбаевтың «Бас» спектаклі;
«Үздік әйел бейнесі» – Назгүл Қарабалина (Астананың «Жастар» театры Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» спектакліндегі Сұлу рөлі үшін);
«Үздік ер адам бейнесі» – Андрей Владимиров (Ақмола облыс­тық орыс драма театры «Панночка» спектакліндегі Хома Брут рөлі үшін);
«Режиссерлік дебют» – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында М.Горькийдің «Шыңырау» спектаклін қойған Данияр Базарқұлов;
«Орыс классикасын ерекше сахналағаны үшін» – республикалық академиялық неміс драма театрының режиссері Наталья Дубс (Н.Гогольдің «Ревизор» спектаклі);
«Үздік театртанушы» – өнертану кандидаты Меруерт Жақсылықова.
Фестивальдің жабылу рәсімі барысында Әшірбек Сығай қазақ тіліне аударған В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасынан үзінді көрсетілді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ 




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button