Мәдениет

Теңге тарихымен таныстырды



Ұлттық музейдің Ғылыми кітапханасында ұлттық валютаның 30 жылдығына орай «Теңге – тәуелсіздік символы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ғылыми кітапхананың жетекшісі Толқын Дариш кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болатынын атап өтті. «Қазақстан теңгесі – мемлекет егемендігінің атрибуттарының бірі. Ол пайда болған сәтінен бастап еліміздің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі барлық сынақтардан өтіп келеді. Ұлттық валютаның енгізілуі – дербес ұлттық экономика қалыптасуының бастамасы және республикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың маңызды тетігі» деген Толқын Мәделханқызы жалпы ақша тарихына шолу жасап, теңгенің пайда болуы, оның маңыздылығы, ақшаға қатысты түрлі қызықты тың деректермен бөлісті.

Ал Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері Жанар Жақсалықова ұлттық валюта тақырыбына арналған жеке коллекциямен бірге музейдің коллекциясын таныстырды.

Сабақ барысында Астана қаласының Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназияның ұстаздары мен оқушыларына жәдігерлер көрсетіліп, сабаққа белсенді қатысқандарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар тапсырылды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button