Ел тынысы

20 миллионға жеттік!

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңыз­ды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді» деп құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды.

Сәл кейінірек Ұлттық статистика бюросы еліміздің 5 өңірінде 2023 жылдың 14 қарашасында туған 5 бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанғанын хабарлады. Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында таңғы сағат 8.10-да іңгәлап дүние есігін ашқан 5 сәбидің үшеуі – ұл, екеуі – қыз бала. «Отбасы банк» АҚ еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың ата-анасына 2 миллион теңгенің сертификатын беру туралы шешім қабылдады. Ұлтымыздың
мерейін асырып, бар қазақты қуантқан сәбилердің бауы берік болсын! Өсіп-
өне берейік!

Тағы бір жағымды жаңалық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың саны 20 миллионға жеткен күні Ұлттық қордан балаларға ақша төлеу туралы заңға қол қойды. Мұның символдық мәні бар екені сөзсіз. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы жас жеткіншектердің арнаулы есеп-шотына аударылады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button