БілімЖаңалықтарҮйренетін үрдістер

Tilalemi.kz



Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді үйрету үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсат етіп қойылған болатын.

kazak

Осы мақсатты шешуде интернет ресурстарын іске қосудың маңызы жоғары. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаның аталған талабын сапалы деңгейде орындау үшін интернет-портал ашу өзекті мәселе болып табылады. Сонымен бірге, арнайы тіл порталын ашу мем­ле­кеттік бағдарламада: «Мемле­кеттік бұқаралық ақпарат құ­рал­дарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 2014 жылға қарай – 53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%-ға дейін» деп көрсетілген бағыттың орын­далуына да үлес қосады. Сондай-ақ, бұл жобаны жүзеге асыру ономастика және терминология салаларындағы жұ­мыс­тардың көпшілік үшін ашық және қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Тіл порта­лының іске қосылуы мемле­кеттік тілді үйретудің тиімді әдістерін таратуға, еліміздегі ор­талықтардың жұмыстарын үйлестіруге, үштұғырлы тіл сая­­сатын жүргізудің ауқымын ке­ңей­туге де мүмкіндік туғызады.
Порталдың қолданылу аясын кеңейту мақсатында күнделікті ақпараттар легімен алмасып отыратын жаңалықтар және қо­ғамға қажетті терминдерге қа­тысты екі блок үш графикада беріледі (кирилл, латын, араб). Бұл қолданушы, оқырман санын арттырады, мемлекеттік тілдің насихатталу ауқымын кеңейтеді. Атап айтқанда, Қытайда, Өзбек­станда, Түркіменстанда, Түр­кияда және Еуропада тұратын қазақтар порталдағы материалдармен таныса алады.
«Тіл әлемі» порталының іске қосылуы интернет кеңістігіндегі тілдік контенттің көбеюіне, оны қолданушылар санының артуына, мемлекеттік тілді қашықтан үйренушілер қатарының өсуіне кеңінен мүмкіндік жасайды.
Сонымен бірге, порталдың қыз­меті тіл саласындағы өзекті, өткір мәселелердің талқы­ла­нуы­на, орайлы шешім табуына да оң ықпал етеді. Портал күн­делікті ақпараттар алмасатын, тілге қатысты өзекті мәселелер көтерілетін, ономастикалық, терминологиялық базалар арқылы министрліктің, ко­ми­теттің жұмыстары барынша көрінетін, сонымен бірге ор­фографиялық электронды база арқылы қазақ тілінде сауатты жазудың үлгілерін ұсынатын алаңға айналады.
«Тіл әлемі» порталы тілдің әлеуметтік, қоғамдық құбылыс ретіндегі қызметін мейлінше толық қамтиды. Атап айтқанда, тілге қатысты күнделікті жа­ңалықтар, ономастика, орфография, жарнама, аударма және терминология мәселелеріне қатысты блоктар осы салалар­дағы көпшілікті қызықтыратын, кей кезде сұрақ тудыратын жайттарды ұсынады. Соған сәйкес порталдың мазмұны қоғамдағы тілдік сұраныстарға орай құ­рылған.
Ғаламтор желісінде алғаш рет қолданысқа енгелі отырған «Тіл әлемі» порталы мем­лекеттік тілді насихаттап, оның әдістемесін, қолданылу аясын, тілдік ахуалды көтеріп, «Үштұғырлы тіл» саясатының жүзеге асуына жан-жақты ықпал жасайды. Порталда алғаш қазақ терминдерінің, оно­мас­тикасының, орфог­ра­фия­сы­ның толық қамтылған қоры жұ­мыс істейді. Қазақ термин­дерінің жүйелі әрі дұрыс аударылып, қолданысқа енуіне; орфо­гра­фиялық сөздіктің автоматтан­дырылып, лексикасының ем­лемен жұмыс жасауына, аббре­виатуралардың толық нұс­қа­сы­ның берілуіне дереккөз болады. Бұл күнге дейін болмаған Оно­мастикалық электронды қор Қа­зақстанның түкпір-түкпірін, әр көшесінің атын және мәдени ошақтарын жылдам тауып беріп және сәйкестіктерін анықтайды. Оқыту және әдістемеге қатысты электронды қор әдістемелік құралдарды жинақтап, портал қолданушысына қажетті материалды мобильді қосымша ретінде жүктеп алып, тіл үйренуіне көмектеседі. Бейнесабақтар үш тілде жүргізіледі. Аталған портал мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, онлайн және оффлайн режимінде сабақтарды өту арқылы тіл үйренушілердің санын арттырады.

Бейбіт ОСПАНОВ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button