Басты ақпарат

ТІРЕГІМІЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК, ТІЛЕГІМІЗ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ, БІЛЕГІМІЗ – БІРЛІК



1

Құрметті астаналықтар және қала меймандары!

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – сан тарихты бастан өткеріп, бойдағы тектілік пен тағдыр жазуының арқасында бүгінге жеткен Қазақстан халқының басына қонған қастерлі бақ. Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің жиырма төрт жылда аяғынан тік тұрып, өзгелермен терезесі тең мемлекет ретінде қалыптасуы – Елбасымыздың салиқалы саясаты мен ел азаматтарының жұмыла еңбек етуінің нәтижесі.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болғай! Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Құрметпен,
Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button