Қала мен СалаТуризм

ТМД-дағы алғашқы Pata Travel Mart 2019 Қазақстанда өтеді



18-20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Көрме орталығында Азия-Тынық мұхит аймақтарының PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі өтеді.

Көрмеге әлемнің 60 елінен туристік индустрияның 1000-нан астам өкілі қатысады. РТМ 2019 көрмесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен  «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырған.

Іс-шара аясына көрме, іскерлік кездесулерге арналған нетворкинг-платформа және іскерлік екі форум кіреді. PATA Travel Mart жергілікті және халықаралық туристік нарық ойыншыларына арналған коммуникациялық, іскерлік және нетворкинг алаң болмақ. Көрме қазақстандық туроператорлар мен бизнес-қауымдастық үшін, отандық және шетелдік турөнімдерді дамыту мақсатындағы халықаралық байланысты нығайтудың бірегей мүмкіндігі.

– ТМД кеңістігі мен Еуразияның еуропалық бөлігінде РАТА көрмесін алғаш рет өткізу құқығын Қазақстанның жеңіп алғанына аса қуаныштымыз. Мемлекет тарапынан Қазақстанда туризмді дамыту бағытындағы көптеген іс-шаралар атқарылуда; біз елімізде туристік бизнеске арналған платформаны қалыптастырып жатырмыз. Мысалы, 72 сағатқа визасыз режим енгіздік, туристердің келуіне жағдай жасауды жалғастырудамыз, – деп ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова атап өтті.

РАТА президенті Доктор Марио Харди, туристік болашақ Азияның еншісінде болғандықтан Қазақстанға осындай іс-шараларды жалғастыру қажет екеніне назар аударды. Марио Харди туристік әлеуетті дамытуда еліміздің дұрыс жолды таңдағанын айтты.  

Kazunion туроператор-компаниясының негізін қалаушы Лаура Галиеваның сөзіне сүйенсек, Қазақстанда туристік бизнесті алға жылжыту үшін РТМ 2019 тәрізді іс-шаралардың тиімділігі өте жоғары:

– Осы іс-шара – Қазақстанның туристік бизнесі үшін аса тиімді. Мен үшін РТМ – Қазақстанға сырттан келушілер туризмін дамытудың жаңа құралы. Қазіргі таңдағы жылдам өзгеретін әлемде басқа елдер бизнесінің Қазақстандық бизнеспен тікелей кездесуі аса маңызды, себебі туризм – адамдармен байланысты бизнес, мұнда қарым-қатынастың рөлі өте жоғары. Көрме осындай мүмкіндікті ұсынып отыр.

Іс-шараның бағдарламасында көптеген шара қамтылған және толық үш күнге есептелген.

18 қыркүйек 2019 жыл ҚАЗМЗУ-да «Басынан аяғына дейін: тарих бізді қалай байланыстырады» жастар симпозиумы болады. Симпозиумға ортақ мақсаты туризм саласының негізгі артықшылықтары мен мүмкіндіктерін дамытуға үлес қосу болып табылатын қатысушылар жиналады.

19 қыркүйек 2019 жыл Travel Weekly Group-пен бірге ұйымдастырылған Travolution Forum Asia өтеді. Іс-шара барысында қатысушылар «Азия-Тынық мұхиты туристік индустриясындағы Triple-Bottom Line Impact-іге арналған корпоративтік инновациялар», «Сыртқы әлемге қарай бет бұру», «Овертуризмге Digital Solutions» және «Тұтынушылардың мінез-құлқы қалыптастырған тәжірибелік деректер» тәрізді тақырыптарды талқылайды.

Осы күні контент-маркетинг бойынша UpThink-пен бірге ұйымдастырылған екінші форум өтеді. Сарапшылар мен контентті жасаушылар тобы өзекті үрдістердің дамуын талқылайды.

PTM 2019 спикерлерінің қатарында BBC Global News-тің жарнаманы сату жөніндегі вице-перзиденті(Сингапур, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтары) Джон Уильямс, Air Astana авиакомпаниясының президенті Питер Фостер, iFree Group-тың Корпоративтік даму және коммуникация жөніндегі вице-президенті Тони Смит және басқалары бар екенін атап айтамыз.

PATA Travel Mart 2019 аясында PATA Gold Awards 2019 марапатын табыстау жоспары да бар.

Қазір іс-шараға 32 елден 250-ден астам селлер жұмылдырылған, олар өз класындағы үздік өнімдер мен қызметтерді, ерекше тағамдар мен Жапониядағы «фото-каникулдан» Қытай мұрасына саяхатқа дейін көрсетеді.

Pata Travel Mart 2019 көрмесіне қатысты толық ақпарат ресми сайтта – https://www.pata.org/.

Қосымша мәселелер бойынша +7 7172 76 98 56 немесе +7 701 526 30 50 нөмірлеріне, немесе media@qaztourism.kz электронды поштасына хабарласуға болады.

РТМ 2019 көрмесіне БАҚ-тың тіркелуі сілтемесі: https://forms.gle/t5PoRjaqjhcP2o7r7

Анықтама:

PATA (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік ассоциациясы) бейкоммерциялық мүшелік ассоциация, ол Азия-Тынық мұхит аймақтарына және осы аймақтардан шығатын саяхат пен туризмді жауапты дамытудың жылдамдатқышы. 1951 жылы құрылған. Ассоциация 800-ден астам мүше ұйымды, соның ішінде 95 үкіметтік, мемлекеттік және қалалық туристік ұйымды, 20 халықаралық авиакомпания мен әуежайды, 102 қонақ күту ұйымын және 70 білім мекемесін, сондай-ақ жүзден астам жас адамды, дүние жүзі бойынша кәсіби туристік қатысушыны келісілген ақпараттық-насихат қызметпен,  терең зерттемелермен және инновациялық іс-шаралармен қамтамасыз етеді.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button