Жаңалықтар

ТҮКІРЕМ ДЕП АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ



01

Астананың «Барыс-Арена» алаңында жерге түкіргені үшін, яғни қоғамдық орынды ластаған 22 жастағы азамат жауапқа тартылды.

Құқық қорғау қызметкері әлгі аза­матқа еліміздің Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодексінің 434-бабы «ұсақ құқық бұзушылық» бойынша әкім­шілік хаттама толтырды. Астана қала­сы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 22 жастағы азаматқа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Жергілікті полиция қызметі ұсақ бұзақылық жасағандардың саны бүгінде сот жүзінде 3586 материал құрайтынын, оның ішінде 384 адам әкімшілік қамауға алынып, 3202 азаматқа айыппұл салынғанын хабарлады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button