Елорда тынысы

«Тұлпар» көпірі қашан ашылады?



Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Тұлпар» көпірінің жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Құзырлы ведомство автокөлік құралдарының қарқынды қозғалысы және жөндеу аралық мерзімнің өтуі салдарынан жол төсемінде шұңқыр­лар түріндегі көптеген ақау пайда болғанын хабарлады. Осыған байланысты жол жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданған.

Бұл көпірдің конструкциясы металдан жасалғандықтан, асфальтбетон қоспасын төсемес бұрын металл тірекке әуелі гидрооқшаулағыш қабат салу жұмыстарын аяқтау қажет. Бұл жұмыс өз кезегінде жөнделетін учаскені ұзақ мерзімге жабуды талап етті. Жөндеу жұмыстары биыл тамыз айының басына дейін аяқталады деп жоспарланған.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button