Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ – БАҚЫЛАУДА



«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында қалалық мәслихат хатшысы,
№1 сайлау округінен сайланған депутат Жанат Нұрпейісов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Депутатқа арыз-шағым айтып келген адамдардың қатарында Респуб­лика даңғылының №29 үй тұрғындары болды. Өздері тұратын үйдің қасбетін қалпына келтіргеннен кейін ғимараттың іші-сыртында сызаттар пайда болғанын, сол себептен төтенше жағдай орын алуы мүмкіндігін жеткізген олар үй тұрғындарының қауіпсіздігі мәселесін қозғады.
Осыдан кейін қалалық мәслихаттың өтінішімен Тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары ғимараттар мен құрылыстардың тозуын бағалау ережелеріне сәйкес үйдің техникалық жағдайын тексерді. Оның қорытындысында суды бұру құрылғыларында шыққан ақаулар мен шөгінді суларды бұру жолдарының бұзылуынан қабырғада жарықшақтар пайда болғаны анықталды. Инженерлік-техникалық желілердегі ақаулар ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары уақытылы жасалмағандығынан болған.
Тексерістен кейін техникалық қорытынды шара қолдану үшін «Адал» ПИК-ке жіберілді. Тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымға тұрғындардың жалпы жиналысын өткізіп, үйдің нақты жағдайы туралы мәселені күн тәртібіне қою ұсынылды.
Алайда пәтер иелері және «Адал» ПИК төрағасы М.Баеков техникалық тексерудің қорытындысымен келісе қоймады. Мәслихат хатшысының қабылдауында олар қыс мезгілінде үйдің артында қар жиналып, көктемде судың пәтерге кіретінін жеткізіп, осы мәселені шешуге де көмек сұрады.
Мәслихат хатшысы «Астана» корпоративтік қоры, Сарыарқа ауданының әкімдігі және Тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдерімен жағдайды талқылау үшін кездесу өткізуге уәде берді.
Қала тұрғыны Ж.Оспанова құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне шағымданып келді. Оның айтуынша, анықталмаған адамдар жеке көлігіне зиян келтірген. Ол қалалық Ішкі істер департаментіне арызданса да, еш жауап болмай, кейіннен іс белгісіз себептермен жабылған.
Жанат Нұрпейісов жеке қабылдауында болған адамдардың қосымша қарауды қажет ететін мәселелерін жеке бақылауына алды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button