Басты ақпаратЕлорда тынысы

Үшінші тоқсанда үш мектеп ашылады



Астанада мектеп мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Қала тұрғындарының саны артқан сайын мектеп құрылысы да тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Осы ретте жаңа жылдан кейінгі ақжолтай ақпараттың бірі елордада үшінші тоқсан басталысымен тағы үш мектеп ашылғалы тұр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек жария етті. Атап айтқанда, бұл білім ошақтары – Тұран даңғылы мен №24 көшедегі 2400 оқушыға арналған жаңа мектеп, №5 мектеп-гимназия аумағында 1200 орынға арналған және Тұран даңғылында орналасқан «Зерде» дарынды балаларға арналған мектеп ғимараттары болады.

«Қалада 2023-2024 оқу жылының басынан бастап 11 мектеп салынды. Осы оқу жылының соңына дейін тағы 4 мектеп ашылады. Бүгін қаланы аралау барысында салынып жатқан мектептердің құрылысы жұмысымен таныстым. Оқу орындарын сапалы және белгіленген уақытынан кешіктірмей пайдалануға беруді тапсырдым. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Мәселен, олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында орналасады» деді қала әкімі.

Осылайша 2027-2028 жылдарға дейін бас-аяғы 200 мыңға жуық оқушыға арналған 80-нен аса мектеп салу жоспарланып отыр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button