Білім

Үздік оқушы – Надира



Надира Ақбасова – Астана қаласындағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы, 2023-2024 оқу жылы «Жалпы орта білім туралы үздік аттестат» үміткері.

Надираның өткен оқу жылындағы жетістігі қомақты. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық (облыстық) кезеңінде 2-орын, рес­публикалық кезеңінде 3-орын иеленіп, қола медаль жүлдегері атанса, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы өткізген «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ХVІІ профориентациялық олимпиадада» 1-орынды талассыз жеңіп алды.

– 2023-2024 жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауына қатысуда. Өте алғыр, еңбекқор, алға ұмтылғыш, зерек бала, – дейді сынып жетекшісі.

Білім сайыстарында бақ сынаған оқушы оқу ордасының, ұстаздарының абыройын асқақтату үшін, арман-мақсатының орындалуы жолында тынбай еңбектенеді.

Бұл жеңіс – шәкірт Надираның тынымсыз ізденісінің, оны бәйгеге қосқан білікті ұстаздарының үлкен еңбегінің, ата-анасының қолдауының жемісі.

Арманы – алдағы уақытта тағы басқа көптеген ірі жобаларға қатысып, жүлделі орындардан көріну. Көп еңбектенудің арқасында үлкен жетістіктерге жететініне сенімді. Ата-­анасының, ұстаздарының үмітін ақтағысы келеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button