Мәдениет

«Үздік режиссер» – Қуыршақ театрында



Астана қаласы әкімдігі «Қуыршақ» театрының режиссері Айжан Салаева I Халықаралық «Digital – Puppetland» қуыршақ театрлар фестивалінде «Үздік режиссер» жүлдесімен марапатталды. Шымкент қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 жылдық мерейтойы аясында өткен өнер фестиваліне шетелден және Қазақстаннан 13 театр қатысты.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазақ қуыршақ театрының тұңғыш кәсіби режиссері Құралай Ешмұратова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театртанушы Бейбіт Бақтыгереев, Өзбекстанның танымал режиссер Хотам Ахунов қазылық еткен фестиваль кішкентай көрермендерге ұмытылмас шаттық сыйлады.

«Қуыршақ» театрының қоюшы-режиссері Айжан Салаева өзінің шығармашылығымен өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамы және дүниетанымдық позициясын тәрбиелеуге зор үлесін қосып келеді.

– Халық ертегісінің желісі бойынша қойылған «Алдар көсе жайлы не білеміз?» спектаклінде Алдар көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері. Ол жайлы аңыз әңгімелер өте көп. Бұл қойылымда жамандықпен күресіп, қарапайым халыққа қорған бола білген басты кейіпкер жайында баян­даймыз. Кедей отбасынан шыққан Алдар көсе өзінің тапқырлығының арқасында қатыгез ханды, сараң байды, ақымақ күйеу жігітті алдайды. Бірақ, оқиға  мұнымен бітпейді. Ол қу, зұлым сайтандарға тап болады, – дейді А.Салаева.

 


Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button