Елорда тынысы

Астанада Азия чемпионаты өтеді

Елордада 23 қазан – 3 қараша аралығында бокстан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Астана қаласы әкімдігінің, Туризм және спорт министр­лігінің қолдауымен өткізілетін жарысқа 23 елдің спортшылары қатысады.

«Beeline Arena» спорт кешенінде керілген шаршы алаңда Өзбекстан, Қытай Тайбэй, Жапония, Филиппин, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Иран, Қырғызстан, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан, Түрікменстан, Палестина, Пәкістан, Йемен, Ирак, Иордания, Кувейт, Малайзия және Қазақстан боксшылары жекпе-жекке шығады.

Олимпиадалық жүйе бойынша өтетін чемпионатта 2007 және 2008 жылдары туған жасөспірімдер 13 салмақта, қыздар 12 салмақта сынға түседі. 200 боксшы қолғап түйістіреді.

Ал жастар арасындағы біріншілікке 2005 және 2006 жылы туғандар бақ сынайтын болады.

Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Финалдық жекпе-жектер 2-3 қарашада өтеді.

Жанкүйерлер үшін жарысқа кіру тегін.

 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button