Қоғам

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ



Жақында қалада қаңғып жүрген үй жануарларының жағдайы жақсармақ. Астана әкімдігінің ұсынысымен оларға арналған орталық салынып жатыр.

pets_

«Астана ветсервис» мекемесі директорының міндетін атқарушы Айдархан Арыстановтың айтуынша, ондай орын елорданың шетіндегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жағынан бой көтеруде екен. Онда 400-ге жуық иттер мен 100-ге таман мысық болады деп күтілуде. Жаңадан түскен итке үш шаршы метр үйшік беріледі. Әрине, оған тек қаңғыбас үй жануарлары ғана емес, күтімде жүріп, жоғалып кеткен иттер де қабылданады. Ережеге сәйкес, иттерді мұнда 60 күн ұстайды. Орталықтың есігі кез келген қайырымды жанға ашық. Күн сайын бұған үй жануарларын жақсы көретін жандар келіп, оларға тамақ әкеліп береді. «Алдағы таңда орталық жанынан жануарларға арналған оқу алаңы мен шағын зоопарк ашуды жоспарлап отырмыз» дейді Айдархан Арыстанов. Әйтеуір, енді көшеде босып жүрген қаңғыбас ит пен мысықтың саны азаяды деп ойлаймыз.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button