Жаңалықтар

Ұлы ақынды ұлықтады



Елордадағы Ұлттық академиялық кітап­ханада Абай күніне орай «Ұлы дала данышпаны» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Руханият ордасында «Артық ғылым кітапта» атты кітап көрмесі, мектеп оқушылары арасында «Абайды сүй, адам бол» атты Абай өлеңдерін оқу сайысы, «Әнді сүйсең, менше сүй» Абай әндерін шырқау бағытындағы әдеби-музыкалық караоке, «Әлем таныған Абай» атты әдеби-сазды кеш ұйымдас­тырылды.

«Жас сарбаз» жас­өспірімдер әскери патриоттық қозғалысының жастары Абай шығармаларын талқылап, ақын өлеңдерін оқыды. Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай және ақын, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Орынбай Жанайдаровпен онлайн кездесу өтті.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button