Мәдениет

Ұлы дала тарихының жазба мұралары



Елорданың Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрме өтті.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы 2017 жылы ашылды. Ұлттық орталық – Қазақстандағы және шет еліміздің тарихына қатысты мұраларды бір орталыққа жинап, зерттеу және оны болашақ ұрпаққа сақтау мақсатында ашылған. Орталықтың жалпы қоры 9000 болса, сирек қорында 2000-ға жуық жәдігер бар. Жалпы ұлттық қорда XIX-XX ғасырларда  жарық көрген араб, парсы, түркі, шағатай, татар тілдеріндегі 300-ден астам мұра сақтаулы тұр.

Көрменің басты мақсаты – жүргізілген жұмыстар қорытындысын шығару және әкелінген жазба мұралар туралы ақпарат беру, тарихымыздағы құндылықтар сандығын ақтарып, оны келер ұрпаққа мұра ретінде қалдыру.

Іс-шарада шетелдік іссапар Ұлыбритания, Лондон, Оксфорд және Манчестер қалаларында өткен іздеу-зерттеу жұмыстары бойынша нәтижелер жүргізілді. Көрменің ашылу салтанатында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов келген қонақтарға алғысын білдіріп, «Ұлыбритания іссапарының нәтижелері» тақырыбында сөз сөйледі.

Орталыққа шетелдік және өңірлерде археографиялық жұмыстар істеуге үлкен мүмкіндік берілген. Соның арқасында Ұлыбританияда он күндей болып, үш қалада зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Іс-шараның соңында «ULY DALA MURASY» ғылыми-танымдық журналының жаңа нұсқасы және шетелдерде анықталып, көне деректер қамтылған «Шетелдік қорлардағы құнды жазба мұралар» атты каталог-альбомының тұсаукесері өтті.

 Аделя САПАРБЕК,

Л.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің студенті




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button