ЖаңалықтарҚала мен Сала

«ҮМІТ» АНЫҚТАҒАН ҮЗДІКТЕР



DSC01294

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқармасының қолдауымен мүм­кін­дігі шектеулі балаларды өмірге бейімдеу мақ­са­тында «Үміт» атты арбамен билеу сайысы өтті.

Тағдырдың жазуымен арбаға таңылғандардың тамаша өнерінің бірі – арбадағы би (wheelchair dancing) деп аталады. Өнердің бұл түрі өткен ғасырдың алпысыншы жылдары алғаш рет Ан­глияда пайда болып, Еу­ропаға тараған еді. Бү­гінде мүмкіндігі шектеулі жандардың жігерін де, талантын да ұштаған қос доңғалақ үстіндегі би елор­далықтарға да жат емес.

– Жас бишілеріміз екі ай бойына тынымсыз даяр­­лықтан өтті. Соның ар­қасында Софья Климова, Марат Сейтімов, Алтыншаш Мұқатаева, Мұхтар Дәурен есімді бишілеріміз үздік өнерімен марапатқа ие болды, – дейді «Аяла» қо­ғамдық бірлестігінің жетек­шісі Салтанат Мусина.
«Жалпы, ерекше сайысқа қатысқандардың бәрі – жеңімпаз. Өйткені, олар бойындағы үрейді үмітке жеңдіріп, әдемі­лікке ұмтылған жан-дүниесі арқылы өздерінің қатар-құрбыларына үлгі бола білді» дейді ұйым­дастырушылар.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button