Жаңалықтар

Үрлемелі әуен кеші



18 тамыз күні «Астана Опера» театрыны камералық зал сахнасында қазақстандық музыканттар – халықаралық байқаулардың лауреаттары Ержан Құшанов (флейта) пен Нұрболсын Төлеухан (бас-тромбон) ұсынатын «Ф-дан Т-ға дейін – From F to T» атты үрлемелі музыка кеші өтеді. Бағдарламада классикадан бастап, қазіргі заман әуендері орындалады.

Ержан Құшанов – Париж жоғары ұлттық музыка және би консерваториясының түлегі, Ресей, Франция, Чехия, Жапониядағы халықаралық байқаулардың лауреаты. Қазіргі уақытта Жамбыл атындағы ­Қазақ мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің солисі және топ концертмейс­тері. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранты.
Нұрболсын Төлеухан – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі және магистранты, халықаралық байқаулардың лауреаты. Музыкант JuBand джаз оркестрінің негізін қалаушы әрі жетекшісі, Дүниежүзілік джаз қауымдастығының мүшесі (Нью Орлеан, АҚШ), М.Бисенғалиевтің жетекшілігіндегі Үндістан симфониялық оркестрімен (SOI) ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Фортепиано партиясын Ботагөз Айғалқаева мен Гүлназ Қосаманова орындайды. Концерт бағдарламасына В.А.Моцарттың, Дж.Энескудің, т.б. композиторлардың шығармалары енгізілді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button