ЖаңалықтарҚала мен Сала

ҮШ ОБЛЫСТЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ



29-30 шілде күні «Қазақстан» спорт кешені алаңында Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыста­ры­ның жәрмеңкесі өтеді.

Үш облыстың тауар өндірушілері Арқа төріне 360 тоннаға жуық ауылшаруа­шы­лығы өнімдерін әкеледі. Оның ішінде 101 тонна – ет, 34 тонна – сүт, 10 тонна – қант, 153 тонна көкөніс және тағы басқа өнімдер бар.

Бұған қоса, Қарағанды облысы бауырсақ және қымыз фестивалін ұйымдастырмақ. Қала тұрғындары «Арқа сазы» фольклорлік ансамблінің концерттік бағдарламасын тамашалай алады. Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкеде сатылатын өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен.

Ал 5-6 тамызда Солтүстік Қазақстан об­лы­сының жәрмеңкесі өтетін болады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button