Жаңалықтар

Ұшаққа мінсеңіз, салмағыңыз өлшенеді



9-31 тамыз аралығында Алматы мен ­Нұр-Сұлтан­ әуежайларында халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелеріне сәйкес кәмелетке толған жолаушылардың салмағын ерікті түрде өлшеу шарасы өткізіледі. Бұл шара бір жағынан ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін, екінші жағынан статистикалық деректерді жинау үшін қажет саналады. «2021 жылғы 9-31 тамыз аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейс­термен ұшатын 18 жастан асқан жолаушыларға ерікті салмақ өлшеу ұсынылады. Процедура бес жылда бір рет жүргізіледі» –деп хабарлады Air Astana. Әуе компаниясы салмақ өлшеудің билет құнына еш әсер етпейтінін ескертеді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button