Білім

Ұстаздар ұлықталды



Nur Otan партиясының республикалық сайлауалды штаб мүшелері Батыс Қазақстан облысына барып, өңірдің ұстаздар қауымымен кездесті. Басқосуда алдағы 5 жылда білім саласын дамытудың негізгі басымдықтары талқыланды.

Біздің міндетіміз – мұғалім кәсібінің беделін одан әрі көтеріп, ұстазға құрметті күшейту. Енді педагогтар жалақысы 2 есе өсетін болады. 2025 жылға қарай 800 жаңа білім беру нысанын салу есебінен апатты және үш ауысымдық мектеп мәселесі шешіледі. Сондай-ақ шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылады. Барлық ауылдық мектептер жылдамдығы жоғары ғаламтормен қамтылады, – деді республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.
Бұдан соң билеуші партия өкілдері волонтерлермен, студент жастармен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 желтоқсанда өткен Jas Otan құрылтайында бастау алған «Мен Nur Otan-ға мүше боламын» жастар челленджі­нің аясында билеуші партия қатарына қазірдің өзінде 6 мыңнан астам жас қазақстандық қосылды.
– Елбасының мемлекеттік бағдарының сабақтас­тығын сақтай отырып, Nur Otan қоғамда, әсіресе жастар арасында өзара құрмет пен барша азаматтың теңдігі құндылығын дәріптеуді жалғастырады. Біздің бағдарламамызда жастарды жұмыспен қамтуға және олардың өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға ерекше мән берілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan құрылтайында атап өткендей, сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50 пайызға ұлғайту жоспарлануда. Жастар ұйымдарының жобаларын және волонтерлік қозғалысты дамытуды гранттық қаржыландыру 1,5 есе ұлғайтылады, – деді ол.
Сол күні сайлауалды штаб мүшелері Орал трансформатор зауытының жұмысшыларымен кездесуде өңірдің проблемаларын талқылады.
Партия 5 жыл ішінде облыста 800 км-ден астам автомобиль жолдарын жөндеу, ауыл тұрғындарының сумен қамтылуын 100 па­йызға жеткізу міндетін қойып отыр. Өңірде 11 жаңа мектеп және 2 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй салынады. Осы арқылы әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 8 мың пәтер беріледі.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button