Білім

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҮЛГІСІ



Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында «Тәрбиеден – тағылым» атты қалалық байқауды ұйымдастырып, кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ұстаздарды анықтауды, олардың іс-тәжірибесін насихаттау мен таратуды мақсат тұтты.

DSC_5863

Байқауға қатысушылар алдымен шығармашылық қабілеттерін, педагогикалық ұстанымдарын таныстырды. Тәрбие сағатын өткізіп, қазылар алқасы ондағы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы кешенді жұмысқа, таңдаған тақырыпқа, патриоттық тәрбие беру жолдарына назар аударды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша жүргізілген жұмыстар сараланды.

Қорытындысында № 4 мектеп-гимназияның атынан қатысқан Еркін Түлбақанқызы бас жүлдегер атанды. Бірінші орынды Сырғагүл Нұрәлиева (№ 48 мектеп-лицей) алды. Екінші орыннан Алмагүл Көшкімбаева (№ 31 мектеп-гимназия) және Гүлім Әбдіғалиева (дарынды балаларға арналған №81 «Astana English School» гимназия) көрінді. Үшінші орынды Ләйла Аппасова (№ 52 мектеп-гимназия) мен Гүлсан Заманқараева (№ 34 орта мектеп) алды. Бір топ қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Бағалы сыйлықтар мен дипломдардан тұрған жүлделерді қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ұсынды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Материалды «Астана ақшамы» газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button