Қала тіршілігі

ТӘТТІ КӨРМЕ ТӘБЕТІҢДІ АШАДЫ

Астананың тәттіқұмар тұрғындарын Тәуелсіздік сарайында тосын сый күтіп тұр. Наурыздың 18-інде «Nikolya» шоколад музейі елордаға ат басын тірейді. Бұл күні қала халқы танымал шебер Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысады.

f0f753745dd2e574a5206c1879dacfab

Әйгілі көрме әлемнің 40-тан аса қаласында қонақта болыпты. Оны жарты миллионға жуық адам тамашалаған. Наурыз мейрамы қарсаңында бас шаһарда ұйымдастырылатын атақты шарада 300-дей өнер туындысы көпшілік назарына ұсынылады. Жалпы салмағы 700 келі тартатын шоколад пен марципаннан әзірленген картиналар, миниатюралар, инсталляциялар жұртшылықты таң­дай қақтыратыны сөзсіз. Айтпақ­шы, бұйымдардың арасында Қазақстанға, соның ішінде Астанаға арналған шоколад өнімдерінің сериясы бар.

Көрмеде шебердің бірегей тех­но­логиясымен орындалған экс­клюзивті кәдесыйлар сатып алуға болады. Сондай-ақ, келушілер шеберлік дәрістеріне қатысып, өз қолымен тәтті заттар даярлауды үйренеді. Жиын барысында шоколад тарихы туралы қызықты фильм көрсетіледі.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Материалды «Астана ақшамы» газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button