Жаңалықтар

ҮЗДІК ЖЕТІСТІКТЕР АЛАҢЫ



Елорда төрінде «Болашақ энергиясы: баршаға қуат» халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Аталмыш жиынға 60-тан астам халықаралық ұйым қатысты.

Форум көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбын назарға алды. Онда энергетика саласының майталман мамандары, жетекші сарапшылар, ғалымдар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым мүшелері, мемлекеттік орган секторы қатысты.

Басқосу аясында тұрақты энергетика, энергоүнемділік пен энерготиімділік, СО2 шығындарын азайту мәселелері әлеуетінің дамуы талқыланып, бұл мақсатқа жетудегі халықаралық ұйымның рөлі қаншалықты қажет екені айқындалды.

«Біз Астанада болатын көрмеге халықаралық қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылықтың бар екендігін көріп отырмыз. Бүгінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне 103 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатындығын растады» деді форумның салтанатты ашылу сәтінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Бүгінде көрме нысандарының құрылысы кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталды десек те болады.

Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» көрмесіне халықаралық деңгейде билет сатылу науқаны басталғанын алдын ала хабарлаған едік. Халықаралық көрмелер бюросымен келісу нәтижесінде билет құнын мейлінше төмен бағада сақтап қалуға қол жеткізілді. Бұл еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтардың көрмеге қатысуы және шетелдік туристерді тарту үшін жасалды.

– «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонына орналастыру үшін дүниежүзі бойынша қолданыстағы үздік тәжірибелерді іріктеу бойынша байқау аяқталып қалды. Үздік тәжірибелер аймағы, негізінен, көрме тақырыбына қатысты әлемдегі жүзеге асырылып жатқан ең мықты технологиялар, жобалар, құрал-жабдықтар, өнімдер жинақталған «көрменің жүрегі», – дейді А. Есімов.

Халықаралық қауымдастықтың дамуы жолындағы ЭКСПО-2017 маңыз­дылығын Халықаралық көрмелер бюро­сының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес ерекше атап өтті. «ЭКСПО-2017» халықаралық компанияларды қолдауда, әсіресе, бүгінгі экономиканың ең бір перспективалы саласы – баламалы энергия көздерін игеруде айрықша мүмкіндік ұсынып отыр.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button