Жаңалықтар

Веложарыс мәреге жетті



ffffd38589e80cb20e59cab137f

9-11 шілде күндері «Сарыарқа» велотрегінде «Астана кубогы» үшін өткен велосипедшілер жарысы мәреге жетті. Жалпы, жарыста 55 спортшы өзара шеберлік сынасты.

Жасөспірімдер арасында «Б» тобындағы жарыстың нәтижесі бойынша 1-орын Амир Богдановқа бұйырса, 2 және 3-орындар Кирилл Стрельченок пен Данил Потапенконың қанжығасына байланды. Сондай-ақ, жасөспірімдердің «А» тобында Юрий Филатов жеңімпаз атанды. Қыздар арасында осы топтық жарыста Әнел Айзахметова топ жарды.
Екі шақырым қашықтықтағы жекелей сайыста жасөспірімдер арасында Юрий Филатов, қыздар арасында Карина Кулагина мен Амелия Ысқақова жеңімпаз атанды.
«Астана кубогы» үшін өткен веложарыс жеңімпаздары 19-24 шілде аралығында Астана қаласында «Сарыарқа» велотрегінде өтетін Қазақстан чемпионатында елорда намысын қорғайды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button