Ел тынысы

Волонтер жастар зейнеткерлерге тоқыма жіптер сатып алып берді



Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері шала туған нәрестелерге арнап киім-кишек тоқуды дәстүрге айналдырған болатын. Қайырымдылық акциясын екінші жыл қатарынан жалғасып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Әдеттегідей, 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Орталықтың өнерлі әжелері нәрестелерге табиғи жүннен шұлық тоқу жұмыстарын бастап кетті.

Биылғы жылы әжелердің бұл игі бастамасына Астана қаласының ерікті жастары қолдау көрсетті. Олар табиғи жүннен жасалған тоқыма жіптерін сатып алу үшін қаржы жинап, зейнеткерлерге 30-дан аса табиғи жүн өнімдерін сатып алып берді.

«Қайырымдылық іс-шарасын екінші жыл қатарынан ұйымдастырып жатырмыз. Былтыр әжелеріміз Астана қаласындағы перзентханаларда ем алып жатқан мерзімінен бұрын туған нәрестелерге 30-дан астам шұлық тоқып берген еді. Биыл да, бұл игі шараны жалғастыруды жөн көрдік. Табиғи жүннен тоқылған киімдердің сәби денсаулығы үшін пайдасы зор, шала туған балалардың тыныс алу жүйесін жақсартады. Балалар мерекесі қарсаңында қайырымдылық акциясына қаражат жинауды ұйымдастырған белсенді жастар Давид Шәріпов пен Даниял Келгенбаевқа алғыс білдіреміз!» – деп сөзін түйіндеді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлім басшысы Роза Маусымбаева.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button