Руханият

Ясауи мұрасын дәріптейді



Жақында Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Айдар Абуовтың «Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы» және «Духовное наследие Яссауи» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ҚМДБ өкілдері және студенттер қатысты.

«Көкжиек-Горизонт» баспасынан шыққан кітапта қазіргі қазақ халқымен қатар бауырлас түркі халықтарының өзіндік санасының тарихи және рухани тамырларын зерттеу бойынша зерттеу жүргізілген. Еңбекте әр халықтың ата-баба тамырын, рухани кодын түсінуге және сол арқылы өзіндік ұлттық ­сана-сезімін нығайтуға бағытталған тарихи оқиғалар баяндалады. Ұсынылған кітапта ұлы түркі ағартушысы, ислам дәуірінің ақыны, ойшылы Қожа Ахмет Ясауи рухани мұрасының негізгі ережелері ашылған.

Автор ортағасырлық Түркістан дәуірінің суретін және ислам мәдениетін уағыздаушылар түркі мектебінің көрнекті негізін қалаушы тұлғасының рөлін қайта жасайды. Кітапта біз исламға дейінгі идеялар мен мифтерден жаңа дүниетаным мен ортағасыр­лық философияға дейінгі рухани өзіндік сананы қалыптастыру процесі қалай жүзеге асырылғанын көреміз. Бұл трансформация­дағы шешуші рөлді дайындаған мұғалім – тәлімгерлердің жаңа тұжырымдамасы мен мектебін құрған Ахмет Ясауи атқарғаны баяндалады. Ғасырлар бойы Ясауи тұжырымдаған тұжырымдама негізінде Тұран кеңістігінде исламның таралуына ықпал еткені айтылады.

«Ясауи – ойшыл, ақын, ағартушы. Ясауи – пассионарии. Ол үшін бүкіл өмірін, жанын да, тәнін де құрбандыққа арнады. Мектеп ашты, білім үйретті, оқу, жазу, адамды тану, кемелдендіру жолын жасады. Әмір Темір Әзірет Сұлтанның шәкіртінен білім таныды, сондықтан ұлы ұстазына арналған әлемдегі ең үлкен зәулім кесене салдырды. Ясауи ілімі Қазақ хандығы қалыптасу, қазақ ұлт, халық болып бірігуі, тіліміз енді қазақ деп аталған заманда ерекше белсенді рөл атқарды. Осы құбылыста Ясауи мен оның шәкірттері насихатшы рөлін атқарды. Ясауи ілімі бүгінгі еліміздің жағдайының жаңаруына жол бағыттайды» дейді автор.

Кітап Қожа Ахмет Ясауи өмірі мен еңбектеріне және қазақ халқының рухани мұрасы мен танымына қызығушылық танытқан барша оқырманға арналған.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button